БҰРЫНҒЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР СОТТАЛДЫ

 БҰРЫНҒЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР СОТТАЛДЫ

Шымкентте қылмыстық жолмен көлік рәсімдеген лауазымды полицейлер жаппай сотталды. Олар — жалған жүргізуші куәлігін оңды-солды таратып, көліктерді қылмыстық жолмен рәсімдеген лауазымды полицейлер. Шендісі мен инспекторы, криминалист пен делдалы бар 38 адамның ісін үш жыл қараған сот олардың барлығына үкім оқыды. Жауапқа тартылған 38-дің 26-сы – полицияның бұрынғы қызметкерлері.

Қызметін май-шелпек қылған бұрынғы қызметкерлердің 144 жалған жүргізуші куәлігін жасағаны дәлелденіп, оның бәрінің күші жойылды. Оған қоса, тіркеу-емтихан бөлімінде отырғандар, шетелден бөлшектеніп әкелінген көліктерге құжат жасап, түрлі сомаға рәсімдеп беріп отырған. Жеңіл көлігі мен ауыр автосы бар, сот барысында 330-дан аса автокөлікке жалған құжат жасалғаны анық болды. Оның бірқатары жол апатына ұшырап жарамсыз болып қалса, кейбірі шетел асқан. Көпшілігі бірнеше қайтара сатылған соң, олардың күшін жою мүмкін болмапты. Қылмыстық топты ұйымдастырды деп айыпталған, сол кезде Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті емтихан-тіркеу бөлімінің бұрынғы бастығы Артық Жаппаров 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сайрам, Бәйдібек, Мақтаарал аудандарының және Түркістан қаласының тіркеу-емтихан бөлімдерінің бұрынғы бастықтарының әрқайсына 10 жылға жаза кесілді. Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік жол инспекторлары мен криминалистер, делдалдар әртүрлі мерзімге бостандығы шектеліп, мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару және арнайы атақтар алу құқығынан айырылды.

ӘБСАТТАР ШАЙХИДДИНОВ — ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Автокөлік инспекторлары не үшін кінәлі болып отыр, сол құжаттарға вин код дейді, вин кодын сәйкестендіру арқылы, раманың ауысыуына байланысты деген негіздермен бұрын Қазақстан аумағында болған автокөліктер, біреуі Ауғанстанға сатылып кеткен автокөліктер, біреуі өртеніп, жарамсыз болып қалған көліктер міне, солардың винкодтарына сәйкестендіру арқылы Шымкентте жиналған автокөліктерге құжат берген, якобы анау өртеніп кеткен машина, міні.

Г. Қалмырзақызы                                     

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *