Қазақстан Президенті Қорғаныс министрлігіне қарасты тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Мен тиісті мемлекеттік органдарға тікұшақ апатының себептерін зерттеп, қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсетуді тапсырдым», — делінген көңіл айту мәтінінде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.