Е.АЙТАХАНОВ: «ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БҰЗЫЛУЫ ТИІС!»

Е.АЙТАХАНОВ: «ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БҰЗЫЛУЫ ТИІС!»

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов бүгін өткен қалалық әкімдіктің аппараттық жиналысында айтты. Жиынның негізгі мәселесі Шымкенттегі заңсыз салынып жатқан құрылыс нысандары болды.

Мәжілісте баяндама оқыған қалалық сәулет және қала құрылысы мен қала құрылысын бақылау басқармаларының басшыларының жұмыстарына шаһар басшысы көңілі толмайтынын айтты.

– Алдымен, құрылысты бастау, одан кейін — тиісті құжатты рәсімдеу. Бұл біздегі үрдіске айналып кеткен кемшілік. Салдарынан халық зардап шегеді. Тұрғындардың менің жеке иелігімдегі жерде не қаласам соны саламын деуіне әсте жол берілмейді. Құрылыс нормалары қатаң сақталуы тиіс. Жауапты мамандар салғырттық танытпау керек. Міне, күні кеше ғана осындай салғыттықтың кесірінен құрылыс нысанында жұмыс істеп жатқан екі азаматымыз опат болды. Бүгінде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, бір апта бұрын екі сәби уланып көз жұмды. Бұл дегеніміз нағыз – сорақылық! Халыққа түсіндірме жұмыстары мүлдем жүргізілмейді десек болады. Шағын дүкендердегі тауарлардың сапасы қаншалықты жарамды? — деген қала әкімінің сауалына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің өкілі мардымды жауап бере алмады.

– Көріп отырғандарыңыздай, жағдай көңіл көншітпейді. Аталған мәселелер бойынша құқық қорғау органдары тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, бірлесіп жүйелі жұмыс істеуіміз қажет. Кінәлі мамандар міндетті түрде жазаланатын болады, — деді Ерлан Қуанышұлы.

Қала әкімі, сонымен қатар, құрылыс нысаны жоспарға, салада қолданылатын заңнамаларға, ереже-қалыптарға сәйкес салынуы керегін тілге тиек етіп, жұмысты жандандыру үшін тиісті мамандарға нақты тапсырмаларды жүктеді. Одан бөлек, Е.Айтаханов жоғарыда аталған мәселелер құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінде көтерілетінін жеткізді.

Айта кетейік, биылғы 10 айда сәулет және қала құрылысы басқармасына 917 арыз-шағым келіп түскен. Аталмыш арыздардың негізінде қала құрылысын бақылау басқармасымен 422 хаттама толтырылған. Өз бетімен құрылыс жүргізгендері үшін 29 құрылыс нысанына қатысты шаралар қабылданып, сотқа қарау үшін арыздар жолданған.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *