БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫДАН — 677 МЛН. ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛГЕН

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша 2018 жылдың 26 желтоқсанында Заңға қол қойлған болатын. Заң үш негізгі проблеманы шешуге мүмкіндік береді:  сатып алу процедураларының аса тым ұзақ мерзімде өткізілуі, сатып алуға қатысушылардың біліктілігінің төмендігі және үнемі бір көзден сатып алу үлесінің көптігі. Осы негізде өзгерістерді басшылыққа ала отырып, 2019 жылдың мамыр айынан  бастап Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алулар басқармасымен жалпы құны 20 млрд.034 млн. теңгеге 52  электрондық мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды. Бұл туралыАқпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз-брифингінде Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Балмейір Сансызбайұлы мәлімдеді.

Б.Сансызбайұлының айтуынша: жаңа құрылыстар салу, нысанды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту және жобалау-сметалық жұмыстары бойынша – 30 конкурс, көрсетілетін қызметтер бойынша — 21 конкурс, тауарлар бойынша – 1 конкурс ұйымдастырылып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.
Жалпы конкурс процедуралары аяқталып, жеңімпаздары анықталған конкурстардың саны – 50 болса, жалпы сомасы 15 млрд. 056 млн. теңгеге жүзеге асырылған.
Айта кетерлігі, аталған мемлекеттік сатып алулар бойынша  677 млн.теңге үнемделген, яғни үнемделген соманың үлес салмағы 4,5 пайызды құрап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *