<<Астына>>-<<Сутьеска>>матчын «Qazsport» арнасынан көріңіздер.

Астына
Астына-Сутьеска

Бүгін елордалық футбол жанкүйерлерін супер-матч күтіп тұр. «Астана» футбол клубы еврокубоктық бәсекенің алғашқы айналымында Черногорияның «Сутьеска» командасымен ойнайтын болады. Черногорияның «Никшик» қаласының намысын қорғайтын аталмыш команда 1927 жылы құрылған. 2017-2018 жылғы Черногория футбол біріншілігінде чемпион атанған. «Сутьеска» еліміздің командаларымен алғаш жолыққалы отыр. Төртінші жыл қатарынан еврокубоктық бәсекеде ел намысын қорғау мүмкіндігін жеңіп алған «Астана» командасы өз алаңында қарсыластарын қабылдауға тас-түйін дайын. Тамаша футбол спекталін бүгін сағат 19:50-де «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Елордалық командаға қолдау көрсетейік!

қайнар көз: https://kazsport.kaztrk.kz/news/football/astana-suteska-matchyn-qazsport-arnasynan-koriniz-115069
Кез келген материалды қолданған жағдайда мына сілтеме көрсетілуі тиіс https://kazsport.kaztrk.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *