ШАРУАЛАРҒА ҚОЛДАУ БАР
ШАРУАЛАРҒА ҚОЛДАУ БАР
Агро – өнеркәсіп кешені – еліміздің экономикасының негізгі салаларының бірі. Жерді дұрыс өңдеп, дақылдарды өсіру жоғары өнімнің негізгі факторы болып табылады. Осы тұрғыда сөз қозғаған мамандар ауыл шаруашылығында шет елдік технологияны қолдануды ұсынды. «Pamreana» сепкіштерінің тиімділігі жерді айдамай топырағын қопсытпай дәнді дақылдарды себуге мүмкіндігі бар.
Нұржан Аширов — «Сапа 2002» шаруа қожалығының төрағасы
«Үшбастау» өндірістік кооператив төрағасы Арын Батырұлының айтуынша бұл құрылғы шаруалар үшін қажет. Жылдағы егіп жүрген техникаларымен салыстырғанда әлде қайда тиімді»,- дейді.
Арын Батырұлы — «Үшбастау» кооперативінің төрағасы
Семинар барысында кәсіпкерлер егістік алқаптарын әртараптандыру, дәнді дақылдардың химиялық, биологиялық күтіп-баптау жолдарын айтты. Агро саланы өркендетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар серпін беріп, табысқа қол жеткізуге мүмкіндік жасауда.
Ә. Дәулетбекқызы