EURO-2020: тағы екі құрама плэй-офф кезеңіне шықты

 

EURO-2020: тағы екі құрама плэй-офф кезеңіне шықты

Фото: twitter.com/EURO2020
Фото: twitter.com/EURO2020

Бельгия мен Нидерланды құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Топтық кезеңнің екінші турында Бельгия Дания футболшыларымен кездескен. Ойын Копенгагенде өтті. Даниялықтар жанкүйерлері алдында ойынды белсенді бастап, 2-минутта есеп ашты — Юссуф Поульсен бельгиялықтардың қателігін сәтті пайдаланды.

Бірақ үзілістен кейін Бельгия сапында Кевин Де Брюйне мен Эден Азар алаңға шыққан. 55-минутта Де Брюйненің пасынан кейін Торган Азар таразы басын теңестірді. Ал 70-минутта Эден Азар дәл пас беріп, Де Брюйне жеңіс голын соқты.


Фото: Reuters©️

2:1 есебімен жеңген Бельгия құрамасы В тобында алты ұпаймен плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Данияның еншісінде ұпай жоқ, соңғы орында тұр.

Амстердамда Нидерланды құрамасы Австрияны 2:0 есебімен жеңді. 11-минутта Мемфис Депай пенальтиден гол соқты.

Екінші таймның ортасында Дензел Дюмфрис есепті еселеді. А тобында Нидерланды құрамасы алты ұпаймен бірінші орында тұр, бұл команда да плэй-офф кезеңі шықты. Үш ұпайы бар Австрия үшінші орында келеді.


Фото: twitter.com/EURO2020 

Үшінші турда 21 маусымда Солтүстік Македония — Нидерланды, Украина — Австрия матчтері өтеді. Дәл осы күні Финляндия мен Бельгия, Ресей мен Дания күш сынасады.

Еске салайық, бұған дейін Италия құрамасы Еуропа чемпионатының плэй-офф кезеңіне шыққан болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *