АУЫЛДАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІ

АУЫЛДАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІ

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». Президент Жолдауында республика ауылдарындағы орта білімді жетілдіру жайына жіті назар аударылған. Бәйдібек ауданындағы Таңатар Қазақбаев атындағы мектеп ұстаздары Жолдау қағидаларын ықыласпен құп алды. Сөйтіп, ұжым мектепке су жаңа робототехника жабдықтарын алдыртып, оқушыларды инновация игіліктеріне үйретуге бекініп отыр.

ІТ сыныбына қажетті құрал-жабдықтың құны – 5,5 млн. теңге. Енді мектеп оқушылары аптасына кемі 3 рет робототехника үйірмесіне қатыса алады. Оқу ұясында 7 нүктеге «УАЙ-ФАЙ» желісі орнатылған. «Ғаламтормен жұмыс істеуде ешқандай қиындық жоқ, керек ақпараттарға кедергісіз қол жеткіземіз,»- дейді мамандар.

Еркебұлан Жолшыбеков – Т. Қазақбаев атындағы мектептің информатика пәні  мұғалімі  

ІТ кабинетіміз міне, барлық сайманға сай болды. Бұрын бізде мұндай құрылғылар болмады. Енді оқушыларды осыған үйретуден жалықпаймыз…

Бүгінде Таңатар Қазақбаев атындағы мектепте 300-ге жуық оқушы екі ауысыммен білім алады. Заманауи техника мен технология үдерісіне ілесіп,  ілім үйренуі үшін жасалған игі іске шәкірттер дән разы.

Дәйекті деректерге сүйенсек, жылда көптеген  түлек жоғары оқу орнына түсе бермейді. Ізінше жұмыссыздар санатын толықтырады. Ал, отандық өндірісті дамытатын тұлға – жастар. Сол себепті металлургия, машина жасау, тау-кен, мұнай-газ  саласының мамандарына елде сұраныс көбеюде. Ал, мектеп қабырғасында оқытылатын работотехника үйірмесі шәкірттерді заман талабымен үйлесімді іс таңдауы  үшін кәсіптік бағдар бермек.

Г. Қалмырзақызы                   «On'tu'stik» телеарнасының ресми сайты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *