ШЫМКЕНТТЕ КАРАТЭДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КАРАТЭДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Жеңіл атлетика» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер мен кадеттер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Спорттық шараға Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов, ҚР Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті О.Өксікбаев, ҚР Мәдениет және спорт минситрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы С.Сапиев сынды бірқатар еліміздің спорт жанашырлары қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған  қала әкімі әр өңірдің намысын арқалап келгендерге сәттілік тілеп, республикалық чемпионатты салтанатты түрде ашып берді.
Екі күнге жалғасатын жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен  еліміздің әр өңірінен келген 500-ден астам  спортшы қатысып, дүбірлі додада 12 жастан жоғары ұлдар мен қыздар бақ сынайды.
Жарыстың нәтижесі бойынша киокушинкай-кан каратэден Қазақстан құрама командасы жасақталады. Атап айтсақ, бұл жарыс еліміздің каратэшілері мен бапкерлері үшін ең маңызды шаралардың бірі болып табылады.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *