Елімізде бейнебақылау камерасы бар пойыз вагондары пайда болады
Елімізде бейнебақылау камерасы бар пойыз вагондары пайда болады,деп хабарлады Хабар 24
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа вагондарды сатып алмақ.Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Михаэль Кортюм мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз вагондардың жетіспеушілігін біржолата шешуді жоспарлап отырмыз. Келесі аптада 19 жаңа вагон сатып аламыз. Ал 22 қазан күні тағы төрт жаңа вагонды қабылдаймыз», – деді Михаэль Кортюм елордада өткен баспасөз мәслихатында. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры сонымен қатар, сатып алынған вагондардың сапасы туралы сұраққа жауап берді. «Сатып алатын вагондармен екі апта бұрын таныстым. Айтарлықтай жақсы вагондар. Бейнебақылау камерасы бар. Интернет қосылған. Сапасы өте жоғары», – деді Михаэль Кортюм. Өз кезегінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Диас Ахметшәріп Тверь вагон құрылысы зауытынан 20 млрд теңгеге 63 вагон сатылып алынатынын мәлім етті. Еске сала кетсек, неміс маманы Михаэль Кортюм «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директоры болып бір ай бұрын тағайындалған болатын. Осы категория бойынша: « Түрме қызметкерлері кеудесіне бейнежетон тағып жүретін болды Моңғолия астанасынан Алматыға әуе рейсі ашылады »