ВАКЦИНАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ВАКЦИНАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында өткен тәулікте 8 058 адам вакцина алды: I компонент – 7 280, II компонент – 778. Егу науқаны басталғалы барлығы 103 360 адамға екпе салынды. Оның ішінде 12 358 адам вакцинаның екі компонентін алған.

29 сәуір күнге КВИ-дің 105 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 70, белгілері жоқ — 35). 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 75 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6).

Сондай-ақ, өткен тәулікте 562 нысанға (548 кәсіпкерлік нысан, 14 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Коронавирус инфекциясын жеңудің бірден-бір жолы – вакциналау. Қалада вакцина жеткілікті. Егу бекеттерінің де саны артып келеді.

Қала тұрғындарын сақтық шараларына мән беруге, өз жақындарының саулығы үшін, тезірек екпе салдыруға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *