ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ 40 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ 40 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

Биыл Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы 40 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осының аясында бүгін «Медицина мен фармацияның заманауи аспектілері: Білім, ғылым және тәжірибе» атты екі күндік халықаралық ғылыми практикалық конференцияның жұмысы басталды. Мерекелік жиын білім ордасының тарихи мұражайының салтанатты ашылу рәсімімен басталды.

Конференцияның ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішев, Шымкент қаласы әкімі Е.Айтаханов пен «ОҚМА» АҚ-ның құрылтайшысы, т.ғ.д., профессор, Халықаралық инженерлік академиясы және Ұлттық инженерлік академиясының академигі С.Сейтжанов қатысты.

Ерлан Қуанышұлы құттықтау сөзінде іргесі қаланғалы ел дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан оқу орынның ұстаздарына алғыс білдірді. Сонымен қатар, әкім қатысушылардың назарын еліміздегі медицина мен фармацевтика саласы бойынша кадр даярлау сапасына аударды.
Қазіргі таңда медицина саласына инвестиция тарту мемлекеттің даму алғышарттарындағы басым бағыттардың бірі екенін айтқан қала басшысы осы бағыттағы жұмыстарға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында және бюджетке салмақ салмай, шетел инвесторларын тарту қолға алынып жатқанын айтты.

Жалпы академия 1979 жылы құрылған өзіндік базасы бар үлкен жоғары оқу орны саналады. 2019-2020 оқу жылында медицина академиясында 3500-ге жуық студент білім алса, оның 711 шетелдік жастар. Ондағы білім алушыларға үш тілде 300-ден астам профессорлық-оқытушылық құрам сабақ береді.

 

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *