ШЫМКЕНТТІКТЕР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ БОЙЫНША ОНЛАЙН АРҚЫЛЫ ЖИІ ТІРКЕЛЕ БАСТАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ БОЙЫНША ОНЛАЙН АРҚЫЛЫ ЖИІ ТІРКЕЛЕ БАСТАДЫ

Жыл басынан бері Шымкент қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы үш мыңға жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тіркелген.

 

2020 жылы egov.kz порталындағы «Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жер бойынша тіркеу» қызметіне сұраныс екі есеге жуық өскені байқалады.

Пандемия электронды қызметтердің дамуына үлкен серпін берді. Егер бұрын үлкені де, кішісі де қарапайым анықтамалар үшін халыққа қызмет көрсету орталығына баруды жөн көретін болса, карантин жағдайында денсаулықтарына алаңдаған азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше онлайн түрде ала бастады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласындағы баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, ол қызметті пайдалану үшін,тұрғын үй иесі мен онда тіркелу ниетін білдірген азаматта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы міндетті) порталда авторизациядан өтуі қажет.

— Өтініш беруші –жылжымайтын мүлік иесі болса, өтінімді толтырып, содан кейін ЭЦҚ-мен немесе SMS-пароль арқылы қол қоюы жеткілікті. Тұрғын үйдің меншік иесі үшінші тарап болған жағдайда, өтініш беруші меншік иесінің ЖСН-ын, жылжымайтын мүліктің мекенжайын, уақытша тіркелудің мерзімін көрсетуі және меншік иесінің жеке кабинетіне келіп түсетін сұрау салуды жіберуі қажет.

Тіркелуші азамат өтініш жасап, мүлік иесі оны растауы қажет — деді Алтынай Татаева.
Мемлекеттік қызметті Egov.kz электронды үкімет порталында «Тұрғындарды тіркеу қызметін «Азаматтық, миграция және иммиграция» – «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөлімінен табуға болады.

Осыдан кейін, өтінім ҚР ІІМ жүйесіне түседі, оның өңделуіне
10 минуттан аса уақыт кетеді. Өңделіп болған соң, порталда «Мекенжайдың тіркелуі сәтті түрде өтті» деген мәребе көрсетіледі. Тіркелу туралы ақпарат азаматтың Жеке кабинетінде көрсетіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Шымкент қ. бойынша филиалының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *