Ел игілігі үшін жасалған маңызды қадам
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 5 маусымында Ата заңға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынғаны өздеріңізге белгілі. Соңғы рет референдум 1995 жылы өткізілген еді.
«Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет етуге тыйым салынады. Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты өз үлесін қоса алады» деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Бұл, әрине, елдің ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды қадам. Мемлекет басшысы қабылдаған бұл шешім бүкілхалықтық дауыс беру арқылы халықтың еркіндігі мен бостандығынан хабар беретін ең әділ үрдіс. Референдумға қатысып, Жаңа Қазақстан құруда баршаңызды үлес қосуға шақырамын.
Жүнісбекова Жанат Мансұрханқызы
Құқықтану магистры, “ОҚО талдау және болжау орталығы” қоғамдық бірлестігінің сарапшысы