Өмірзақ Шөкеев ҚР Кәсіподақтар Федерациясының атынан «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды.
Өмірзақ Шөкеев ҚР Кәсіподақтар Федерациясының атынан «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды.
«Кәсіподақтар күні» мерекесі күні ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов Арыс қаласына арнайы келіп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кеудесіне төсбелгі тақты.
«Халықтың қамы үшін сіңірген еңбегіңіз ерен. Оны бүкіл халық біліп отыр. Арыстағы апат орын алғанда 50 мың халықты қауіпсіз жерге көшіріп, қаңырап қалған тұтас бір қаланы аяққа тұрғызу қыруар іс. Сіз сын сағатта сабыр сақтап, ерен еңбектің үлгісін көрсеттіңіз. Бүкіл халық бір адамдай жұмылып, еңбек етті. Еліңіздің алдында абыройыңыз асқақтай берсін», — деді ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов
Сондай – ақ, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан бірқатар азаматтар ҚР Премьер – Министрінің және Республикалық Кәсіподақтар федерациясың «Алғыс хатымен», Кәсіподақтар федерациясың «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Олардың тізімінде Арыс қаласы әскери бөлімінің цех технигі, кәсіподақ мүшелері, құрылысшылар мен вагон пайдалану депосының өкілі бар. Жиын Түркістан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасында әлеуметтік әріптестік меморандумына қол қою рәсіміне жалғасты. Кәсіподаққа сенім артқан азаматтардың жалпы саны бойынша Түркістан облысы еліміз бойынша көш бастап тұр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі