Мұғалімдерге компьютерді уақытша пайдалануға мектеп бере тұрады — министр
Мұғалімдерге компьютерді уақытша пайдалануға мектеп бере тұрады — министр
Екі мыңнан астам мұғалімнің Интернетке қосылуға мүмкіндігі жоқ.
Қазақстанда 20 мыңнан астам мұғалімнің компьютерлері, 2 мыңнан астамының Интернет қостыруға мүмкіндігі жоқ, сондықтан бұл мәселені мектеп компьютерлерін уақытша пайдалануға беру арқылы шешіледі, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында, деп хабарлады zakon.kz.
— Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар мектептерге компьютерлік техниканы сатып алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жалпы алғанда, 185 мың оқушының компьютерлері жоқ. Біз компьютерлер жетіспейтінін көріп отырмыз, әсіресе көпбалалы және аз қамтылған отбасыларда компьютерлер жеткіліксіз. Сондықтан 1 қыркүйекке дейін 500 мыңнан астам бала компьютермен қамтамасыз етіледі. 24 мың мұғалімнің жеке компьютерлері жоқ, 2 мың мұғалім Интернетке қосылмаған, оған мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселе мектеп компьютерлерін уақытша пайдалануға беру арқылы шешілетін болады, — деді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, кез-келген білім беру ұйымы кез-келген интернет-платформаны таңдауға құқылы.
— Біз толық зерттеу жүргіздік. Осы қысқа мерзімде түрлі платформалар жасалды. Теледидар арқылы сабақтар оқыту жұмыстары да басталды. Жалпы, 6 мыңнан астам телесабақтар өткізу жоспарланған, — деді министр.
Оның айтуынша, телесабақтар әл-Фараби және Елна телеарналарынан көрсетіледі. Телесабақтары күніне 9 сағат эфирден беріледі.
— Сонымен қатар, барлық телесабақтар Интернетте орналастырылады және барлық оқушыларға қолжетімді болады. Ақпарат министрлігі және әкімдіктермен бірге осы телеарналардың қамту картасы жасалды. 604 елді-мекенде бұл арналар жоқ екендігі анықталды, бірақ онда 314 оқушы тұрады екен. Бұл мәселе жергілікті телеарналардан трансляциялау, спутниктік табақтарды орнату арқылы шешілуде, — деп сөзін қорытындылады Білім және ғылым министрі.