Е.АЙТАХАНОВ: БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ ЕРЛІГІН БҮГІНГІ ҰРПАҚ ҰМЫТПАУЫ КЕРЕК
Е.АЙТАХАНОВ: БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ ЕРЛІГІН БҮГІНГІ ҰРПАҚ ҰМЫТПАУЫ КЕРЕК
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Мархабат Байғұт пен тыл ардагері Шерім Медеуовты және «Ерлік» музейінің меңгерушісі Ақмарал Құдайбергенованы қабылдады.
Кездесу барысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланып, «Ерлік» музейінің бүгінгі тыныс-тіршілігі сөз болды.
Аталған музейде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің, соғыс жылдарында тылдағы тауқымет тартқан тыл ардагерлерінің және 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің жәдігерлері жинақталған.
Ерлігімен жерін жауға таптатпай, бақытты ғұмыр сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпау керек екенін айтқан қала басшысы «Ерлік» музейі қызметінің ұрпақ тәрбиесінде маңызы мол екенін атап өтті.
Кездесуде тараптар қаланың мәдениеті мен халықтың әлеуметтік жағдайы, отбасы құндылықтары мен жастардың тәрбиесі сынды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі