Ертең TOPJARGAN басталады

Ертең TOPJARGAN басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Хабар» телеарнасында, сондай-ақ YouTube желісіндегі ХабарSHOW арнасында «Topjargan» музыкалық жобасының екінші маусымы 4 қазан күні, сағат 21.40-та көрерменге жол тартады.
Ертең TOPJARGAN басталады

Байқаудың алғашқы маусымы қазақстандықтармен қатар АҚШ («The Four: Battle for Stardom»), Ресей («Успех») және өзге мемлекеттерде де жақсы қабылданған.

«Topjargan» — бұл жұлдыз болуға лайықты төрт қатысушы бірден анықталатын жалғыз музыкалық шоу, яғни, байқаудың финалистері алғашқы кезеңде белгілі болады. Алайда бұдан жобаның қызығы азаймайды, керісінше финалистер әр шығарылым сайын жаңадан келгендердің алдында өзінің жобаға лайық екенін дәлелдеуі керек.

Жобаның финалистері — Ринат Малцагов (Италияда өткен халықаралық конкурстың жеңімпазы, «SuperStar KZ» жобасының финалисті, «Екі жұлдыз» телевизиялық жобасының қатысушысы, актер, өнер академиясының түлегі; Дінмұхаммед Даулетов «X Factor», «I am Singer Kazakhstan» жобаларының қатысушысы, «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы; Салтанат Аширова («Голос Украины» жобасының қатысушысы, «Элес» тобының әншісі) және Георгий Путкарадзе («Youth Music Fest» конкурсының лауреаты, Грузиядағы «X Factor»-дің жеңімпазы, «Славян базары» конкурсының лауреты) атанды.

Ереже бойынша шоуға келген жаңа қатысушылар 4 финалистің біреуін жекпе-жекке шақырып, музыка алаңында күреседі. Олардың қайсысы мықты екенін залдағы көрермендер дауыс беру арқылы шешеді.

Жаңа маусымның тағы бір ерекшелігі «Topjargan» шоуының географиялық ауқымы кеңейіп, Грузия, Украина, Қытай, Әзірбайжан және Қырғызстан Республикаларынан қатысушылар шақырылған.

Жобаның төрешілері – Қазақстанның халық артисі – Роза Рымбаева, әнші, әртіс – Дастан Оразбеков және жас рэпер Baller. Жүргізуші тізгінін – әнші Мадина Сәдуақасова ұстайды.

«Топжарғанның» ерекшелігі –әнші сахнаға шықты, нәтижесінде салған бір әнімен не өтті, не өтпеді. Көрдіңіз бе? Сонда ол бір әнімен бүкіл шеберлігін көрсету керек, бір әнмен бүкіл төрешілерді де, көрерменді де таңқалдыра білуі керек. Өзінің деңгейін көрсетіп үлгеруі керек. Сондықтан бұл үлкен шеберлікті қажет ететін конкурс», — деді Роза Рымбаева.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *