ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр республикалық экологиялық сағатқа қатысты
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр республикалық экологиялық сағатқа қатысты
Роман Скляр №85 мектеп-лицейінің оқушыларына қоршаған ортаға зиянды факторлардың әсері туралы айтып, экологияны сақтап қалу бойынша пайдалы кеңестер берді, сондай-ақ оқу орнының аумағында оқушылармен бірге ағаш отырғызды.
Республикалық экологиялық сағатын өткізу – бұл ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар, ҚР Білім және ғылым министрліктерінің, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры мен Экологиялық ұйымдар ассоциациясының бірлескен бастамасы. Іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Бұл адамзаттың назарын Жер шары фаунасының тіршілік ортасын сақтап қалу проблемасына аударуға шақыратын халықаралық мереке.
Іс-шара барысында Роман Скляр жоғары сыныптар оқушыларының алдында сөз сөйлеп, әлемдегі экологиялық ахуалдың қазіргі жағдайы мен қоршаған ортаға әсер етудің антропогендік факторы туралы әңгімелеп берді. Бүгін әлемнің барлық елдерінің үкіметтерін осы проблема алаңдатуда, сондықтан олар ресурстарды ұтымды пайдалануға, жел, су және күн қуаттарын пайдалануға көшу бойынша бағдарламалар қабылдауда.
Одан кейін Премьер-Министрдің орынбасары 2-7 сынып оқушылары арасында өткен экология саласындағы ғылыми жобалардың презентациясына қатысып, оқушылардың дайындығы мен осы саладағы білімдерінің жоғары деңгейін атап өтті, сондай-ақ мектеп аумағында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.