Түркістан облысының дамуы қалай жүзеге асырылмақ?
Елбасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Жарлығына жақында ғана қол қойды. Мемлекет басшысы Жарлыққа жария түрде қол қою салтанатында Шымкенттің Астана мен Алматы секілді тұрғындарының саны бір миллионнан асатын қалаға кіргенін атап өткен болатын. Осылайша, Шымкент республикалық маңызды шаһарға айналып, облыс орталығы болып Түркістан бекітілді.
Ақпарат: OtyrarTV