Түркістан облысының әкімі өңірге келген мәжілісі депутаттарымен кездесті
Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Фахриддин Қаратаев пен Омаров Сапарханды қабылдады.
Кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының орындалуы сөз болды. Аймақ басшысы түрлі мемлекеттік бағдарламалардың облыста өз деңгейінде жүзеге асырылып отырғанын жеткізіп, 2018 жыл күнгей жұртшылығы үшін өзгерістерге толы тарихи жыл болғанын атап өтті.
Аймақ басшысымен болған кездесуде Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарларының мақсат жоспары жайында айтып берді.
Облыс әкімі депутаттардың заң шығару сияқты маңызды жұмыспен айналысып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқандығын айта келе, осындай ауыр да, жауапты жұмыстарына табыс тіледі.
Өңірге жасаған сапары барысында халық қалаулылары аудан-қалаларды аралап, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын халыққа кеңінен түсіндіріп, Үкімет тарапынан жүргізіліп отырған мемлекеттік бағдарламалардың өңірде жүзеге асырылуын пысықтамақ.
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметі