ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

 

Жетісай – ақ алтынмен аты шыққан аймақ. Биылдыққа аудан бойынша 45 мың гектарға мақта егілген. Осы жылы мақта өнімін кеш егілуіне байланысты ауданда терім жұмыстары да кеш басталып отыр. Дегенмен қазіргі таңда 1100 гектар жердің мақта өнімі теріліп үлгерілді. Оның 835 гектары қол терімі арқылы жүзеге асса қалған 200-ден астам гектары комбайнмен терілген.

Жетісай ауданы бойынша биылғы терімге 94 бригада жұмылдырылылған. Яғни осы аулдың 2400- ден астам тұрғыны екі қолға бір күрек тауып, нәпақасын осында айырып отыр. Қазіргі таңда Жетісай ауданы бойынша орташа өнімнің көлемі 21,6% гектарды құрап былтырғы жылдың көрсеткішмен салыстырғанда өнім көлемі төмен болып отыр.

Дастан Дүйсенбайұлы – Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Былтырғы мен салыстырғанда өнім өте төмен. Бірақ айтып отырғандай бұл кеш бастағандықтан болып отыр. Дегенмен терім бітіргенше ол көрсеткішті көтереміз. Былтырғы жылы 25 жоғары болған. Мақта терімі біткенге дейін бұл көрсеткішті көтереміз деп отырмыз. 

Негізінен аудандағы мақта дақылынан былтырғы жылы орташа өнімділік 25,6 ц/га құраған болатын. Биылғы жылыда орташа өнімділік былтырғы жылдан кем болмайды деп күтілуде.

Дастан Дүйсенбайұлы – Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Бізде судың мәселесі төмен болған.   Қазіргі таңда барлығы дұрысталды. Су беріліп жатыр. Екі рет толық суғарылып бітті. Қазір әр округ бойынша жұмыс жасап жатырмыз.

Айта кетейік, Жетісай ауданында  егістік алқаптарында мақтадан бөлек, жеміс ағаштары мен бақша өнімдері, көкөністер де егілген. Ал, ақ алтынның әр гектарынан 30 центнерге жуық мақта алуды көздеп отыр.

Нұрсұлтан   Әбдірашит               «On'tu'stik» телеарнасының ресми сайты

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *