ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ — БАСТЫ МАҚСАТ
Еліміздегі студент жастарды шет елде тәжірибе алмастыру арқылы да ішкі туризмді дамытуға болады. Осы бағытта Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауй атындағы ХҚТУ-і игі жобаларды жүзеге асырып жүр. Бұл жолы өңіріміздегі іргелі оқу орынына Джордж Вашингтон университеті «Халықаралық туризмді зерттеу» институтының директоры Селин Матуз арнайы шақыртылды.
Бұл жиынның басты мақсаты екі білім ордасы арасында ынтымақтастықты арттыру арқылы өңірлік туризмді насихаттау. Қос тарап студенттерді тәжірибе алмастыру арқылы байланысты нығайтуды көздеп отыр. Жиында сөз алған университет ректоры Болатбек Абдрасилов бұл жиынның маңыздылығына тоқталды.
Болатбек Абдрасилов – Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ ректоры
Біздің Түркістанға үлкен көзқарас пен қызығушылықпен қарап отыр. Бұл кісілер туризм саласында дүниежүзіне белгілі эксперттер. Олар келіп біздің туристтік потенциялымызды зерттеп жатыр. Мүмкін осы кездесу арқылы келешекте АҚШ тан туристтер тартылады деген үміттеміз.
Түркі жұртының түп қазығы саналатын Түркістан көптеген шетелдік саяхатшылардың қызығушылығын арттырып отыр. Осы мақсатта жүйелі жұмыстар атқарылудан АҚШ тан келген мейман Селин Матузда тарихи қалаға ықылас танытып отыр.
Селин Матуз – Джордж Вашингтон университеті «Халықаралық туризмді зерттеу» институтының директоры
Мен Түркістан жайлы деректерді әр жерден оқып таныдым. Сондықтан осы жерге келіп арнайы танысқым келді. Енді келешекте осы университетпен бірлесіп жұмыс істеу жағын қарастырып жатырмын. Біз енді Қазақстанның басқада университетімен бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз. Адағы уақытта америкалық студенттерді сіздердің елдеріңізге алып келуді жоспарлап отырмыз.
Түркістан облысындағы бірегей оқу орыны туризм мамандарын дайындауға сүбелі үлес қосып келеді. Биылдың өзінде осы мамандыққа 58 студент қабылданған. Туризм мамандығында оқитын жастарды өндірістік тәжірибеден өткізу үшінсырт елдермен байланыс орнатылған. Осы жастар қазақ халқы қасиет тұтқан өлкенің айбынын асқақтатады.
К. Дүйсенбі