Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоппен кездесті
Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоппен кездесті
Дүйсенбі, 23 Қыркүйек 2019, 21:12:18
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі мемлекет арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын ерекше атап өтті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Биыл біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікке 10 жыл толды. Екі мемлекет арасында тығыз саяси қатынастар қалыптасты, оның ішінде парламентаралық және ведомствоаралық іс-қимыл саласында да дамыды. Визасыз режим орнатылды, сауда көлемі өсуде. Өткен жылы бұл көрсеткіш $ 2 млрд жақындады. Екі мыңнан астам бірлескен кәсіпорын құрылды. Екі мыңға жуық жас қазақстандық Түркияда білім алуда. Мұның бәрі біздің қатынастарымыздың жақындығын білдіреді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде М. Шентоп Елбасыға кездесу үшін ризашылығын білдірді және Түркия Республикасының Президенті Реджеп Ердоғанның жылы лебіздерін жеткізді.