ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 300 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ӨНДІРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 300 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ӨНДІРІЛДІ

slider
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының диқандары бүгінге дейін нарыққа 297 559 тонна қауын-қарбыз шығарды. Оның 236 мың тоннасы қауын, 61 549 тоннасы қарбыз. Жалпы ауданда биыл 9 277 гектарға қауын, 831 гектар жерге қарбыз егілген. Дайын өнімнің басым бөлігі ТМД және Еуропа елдеріне экспортталуда.

Айта кетейік, дәмі тіл үйіретін «Жиенбет», «Валеть» сынды қауынның ұрығын «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының мамандары өңдеп шығарған. Бұл сорттар ұзақ жолға төзімділігімен ерекшеленеді. Осындай айрықша қауын егумен айналысатын мақтааралдық шаруалар көршілес Өзбекстан елінің диқандарына бәсекелесетін деңгейге жеткен.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *