ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ 55 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
Ордабасы ауданының құрылғанына 55 жылдығына арналған салтанатты ісшара бүгін таңнан бастау алды. Бекітілген бағдарламаға сәйкес, Темірлан қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда эстафеталық марафон өтіп, ауданның мақтанышы, белгілі балуан Абзал Арыстанбек мерекелік жалауды көтерді.
Сондай-ақ, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары тарихи сахналық көрініс қойды. Аудан әкімінің орынбасары Аңсарбек Әбдіқұлов 55 жылдық мерекемен жұртшылықты құттықтап, автошерушілерге мерекелік жалауды табыстады. Автошеруді ауданның мақтанышы спортшы Жұманазар Ерсұлтанов бастап жүрді. Бұдан соң Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бойындағы Қарауылтөбе маңында эстафета атты марафоншыларға табысталды. Аттылар Қарауыл төбенің биігіне көтеріліп, 55 жас домбырашының сүйемелдеуімен еліміздің көк туы салтанатты түрде көтерілді.
Бұдан кейін Жастар сарайында «Тарихқа тұнған Ордабасы» атты ғылыми-танымдық конференцияға ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі