«Жаңа атшабар және көпқабатты тұрғын үй кешені мен жаяу жүргіншілер аймағының (променад) құрылысы туралы» видео-конференц-байланыс арқылы ашық қоғамдық тыңдау

«Жаңа атшабар және көпқабатты тұрғын үй кешені мен жаяу жүргіншілер аймағының (променад) құрылысы туралы» видео-конференц-байланыс арқылы ашық қоғамдық тыңдау

slider

«Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ «Жаңа атшабар және көпқабатты тұрғын үй кешенімен жаяу жүргіншілер аймағының (променад) құрылысы туралы» видео-конференц-байланыс арқылы ашық қоғамдық тыңдау өтетінін жариялайды.

Қоғамдық тыңдау: 2021 жылдың 19 ақпаны сағат 15.00-де ZOOM платформасы арқылы өткізіледі. Қатысу үшін shymkent.saulet@ontustik.gov.kz электронды поштасына келесі ақпараттарды жолдауыңыз қажет: аты-жөніңіз, ЖСН, ұялы байланыс телефоны, тұрғылықты мекенжайыңыз, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз.

Тапсырыс беруші: «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ.

Бас жобалаушы:  «BI Group» Холдингі.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» ШЖҚ РМК («Мемсараптама» РМК).

Қоғамдық тыңдауды өткізуге жауапты тұлға: «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Берік Айдарұлы Әшірбеков, тел: +7 7252 39 44 04.

  Жоба бойынша құжаттамамен мына сілтеме арқылы таныса аласыз: https://drive.google.com/file/d/1vgeFrfPTTztV4MOCo_kNXBy3KFepoiUb/view?usp=sharing

Байланыс үшін: Гүлжазира Сәрсенбаева

Тел: +7 7252 24 72 90, +7 778 939 01 48.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *