ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 23 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Түркістан облысында 2019-2024 жылдар аралығында  55 мыңнан астам балаға арналаған 184 мектеп салынады.  Қазіргі уақытта  20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 37 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Тағы 16 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ   қалған 63 мектепте тиісті жұмыстар жүруде.  

          Биылғы жылдың соңына дейін 23 мектеп пайдалануға берледі деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде, апатты деп танылған 3 мектептің және  үш ауысымды 2 мектептің мәселесі шешіледі.

   Айта кетейік, 68 мектептің 27-сы жаңа құрылыс, 41-і  2017-2018 жылдардан өтпелі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *