ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ МЕРЗІМІН ТҮЗЕТІП, СПИРТТІК СҰЙЫҚТЫҚТАРДЫ ҚОЛДАН ДАЙЫНДАҒАН

МЕРЗІМІ ӨТІП КЕТКЕН ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ МЕРЗІМІН ТҮЗЕТІП, СПИРТТІК СҰЙЫҚТЫҚТАРДЫ ҚОЛДАН ДАЙЫНДАҒАН 

 Сурет әлеуметтік желіден алынған

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қала прокуратурасы және ТКҚСҚБД қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары аясында дәрілік заттарды, спирттік сұйықтықтар және спрейлерді заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Тексеріс барысында спирттік сұйықтықтар дайындауға арналған станоктар, дәрілік заттардың қолдану мерзімін ауыстыруға арналған техникалық құрылғылар тәркіленді. Сонымен қатар, 50 мл. көлемдегі 230 мың дана бос шыны құтылар, 5 литрлік ыдыстағы 70 дана дезинфекциялық сұйықтық, 148 қораптағы 9000 дана  қолдану мерзімі өтіп кеткен «Суприма Лори» дәрілік заты, 1950 дана 30 мл. флакондағы ақ сұйықтық, 3 дана 5 литрлік женьшен тұндырмасы, жалпы салмағы 15 кг болатын 4 қапшықтан қолдану мерзімі өтіп кеткен мукалтин дәрісі тәркіленіп алынды.Жалға алынған қоймадан сонымен бірге 1984 жылы шыққан 6 қорап медициналық бинт, 4 қапшық ұнтаққа ұқсас заттар табылды. Аталған дерек Департаменттің АЕК тіркеліп, Шымкент қаласы бойынша ТКҚСҚБД тиісті жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жолданды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *