“Қайрат-Реал“ матчіне билеттер сатылымы қашан басталады — министр жауабы

“Қайрат-Реал“ матчіне билеттер сатылымы қашан басталады — министр жауабы

"Қайрат" ФК«Қайрат» ФК

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өтетін «Қайрат-Реал» матчына билеттер «Қайраттың» ресми сайтына сатылатынын мәлім етті, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Билет бағасы бүгінгі таңда белгісіз. Клуб мен УЕФА тарапымен келісіп, оның бағасы, сатылатын жері қосымша хабарланады. Осы сәтті пайдаланып, билет сатып алатын жерлер мен билет құнын байқау керек. Себебі көптеген алдайтын платформалар көп, халық алданып қалмауы тиіс. Біз ресми түрде билеттерді қай жерде, қай уақыттан бастап сатылатынын жариялайтын боламыз», — деді министр.

Министрдің мәліметінше, матчқа шетелден келетін турист саны шектеулі.

«УЕФА-ның арнайы стандарттары бар, яғни, кез келген адам келе бермейді. Берілген квота төрт мың адамға жуық деп жатыр, бұл сан әлі нақтыланады», — деді Ербол Мырзабосынов.

Сондай-ақ, министр «Алматы стадионы УЕФА талаптарына сай емес» деген сыни пікірге де жауап берді.

«УЕФА талаптарына сай келмесе, ол жерде үлкен іс шара өтпейтін еді. Стадион УЕФА-ның төртінші категориялы стандарттарына ие және алаңымыз толық дайын», — деді ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *