Қазақстанда сексуалды құлдықтан миллиардтап табыс тапқандар әшкере болды
Қазақстанда сексуалды құлдықтан миллиардтап табыс тапқандар әшкере болды

Астана қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар екі қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Polisisa.kz сайтына сілтеме жасап.
«Тінту барысында ақша, банк карталары, көліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді. Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластарына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің адам саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу баптары бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұл қылмыстар үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.

