Сәрсенбаев пен Нұрқаділовтың өліміне қатыстың тың дерек шықты
Сәрсенбаев пен Нұрқаділовтың өліміне қатыстың тың дерек шықты
Фото: ашық дереккөз
Генерал Амангелді Шабдарбаев Abay Live Youtube арнасына берген сұхбатында Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімін Иманғали Тасмағамбетовке жаппақ болғанын мәлімдеді ,деп хабарлады bugin.kz
«Мен қызметке Сәрсенбаевтың өлімінен кейін келдім. Оны ішкі істер тергеді, қарады. Ибрагимов Сәрсенбаевты да, көмекшісін де, күзетшісін де өлтірді. Ол мойындады, оны 20 жылға соттады. Мен Арқалықта түрмеде жатқан жеріне бардым. 2,5 сағат сөйлесіп, бәрін жазып алдым. Оның бәрі қазір менде бар. Сол кезде ол маған «бұл тапсырманы Рахат берді» деп айтты. Сәрсенбаевты өлтіргісі келген адамдар оны шынымен өлтіргісі келсе, өлтіріп, көміп тастар еді ғой немесе өртеп жіберер еді. Ал бұлар оны әдейі адамдар көретін жерге тастады», — дейді Амангелді Шабдарбаев.
Айтуынша, ол бұл істі аяғына дейін жеткізе алмаған. Сол кездегі билік рұқсат бермей қойыпты.
«Алтынбек Сәрсенбаев 2007 жылы ақпанда өлтірілді. Дәл бір жылдан кейін Рахат Әлиев 3 банкирді қамап, ақшаларын шығарып, өлтіріп, тура сол жерге апарып тастады. Осы банкирлердің бірі – Иманғалидың әпкесінің баласы. Оларға СОБР-дың екі офицері көмекке барды. Оларды да біріктіріп, қамап тастады. Сөйтіп бәрін ұйымдастырған Иманғали Тасмағамбетов қылайын деді. Мүмкін мұны жасаған Рахат емес те шығар. Бірақ бізде осындай версия болды», — деді генерал.
Сондай-ақ ол 2000-жылдардағы тағы бір атышулы оқиға – Заманбек Нұрқаділовтың өлімі туралы да айтты.
«Нұрқаділов пен сол кездегі биліктің арасындағы қарым-қатынас дұрыс болмады. Оған Мақпалдың да кесірі тиді. «Сенен қорқады, сені пайдаланады» деп айтатын көрінеді. Ол кісі облыстың басшысы болып тұрған кезде Алматыдан кеткісі келмеді. Енді оны кім өлтіргені белгісіз. Мен де білмеймін. Мақпал маған көмек сұрап келді. Екеуміз сөйлестік. Оларға қарама-қарсы – Рахаттың үйі. Мақпалдың айтуынша, сол күні олардың үйіне машина тоқтаса, Рахаттың күзетшісі тұрғызбай қойған. Тіпті ол айқайлап шығып, көмек сұрап жүргенде, аналар шықпай да қойған», — деді Амангелді Шабдарбаев.