Қорғастан қыруар қаржы алып өтпек болғандарды итпен іздеп тапты
Қорғас кеден бекетінде қаржыны заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды.
Биыл 1-20 шілде аралығында «ШЫХО-Қорғас» кеден бекетінің қызметкерлері шекарашылармен бірлесіп заңсыз әрекетті әшкереледі.
Кеденде қызметтік иттерді пайдалана отырып, жалпы сомасы 40,2 мың АҚШ доллары, 17,8 млн теңге және 60,0 мың юаньді декларациясыз тасымалдаған 5 факті анықталды.
Ескерер жайт, 10 мың доллардан астам қаржысы бар адам кедендік декларацияны толтыруы тиіс.
Президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, 10 000 АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған.
Фото: mixyfotos.ru