Мәжіліс депутатын жылан шағып алды
Мәжіліс депутатын жылан шағып алды
Қазір жағдайы жақсы
Мәжіліс депутатын жазғы каникулда жүргенде ауылдық жерде жылан шағып алған, деп хабарлады Qaz365.kz.
Біздің дереккөздің мәліметінше, ол алдымен ауылдық ауруханаға, сосын аудандық ауруханаға жатқызылған. Кейін қалаға жеткізілген.
Қазір депутаттың жағдайы жақсы. Осы ретте депутат көмек қолын созған дәрігерлерге алғысын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылдың 29 маусымында Кеген ауданында 9 жастағы баланы жылан шағып өлтірген болатын. Оның алдында он шақты күн бұрын тағы бір азаматтың да ажалы жыланнан болған. Екі жағдайда да науқастар ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлерде уытты қайтаратын дәрі болмаған.