Жамбыл облысында «Сұлутөр — Ботамойнақ» табиғи қорығы құрылмақ
Жамбыл облысында «Сұлутөр — Ботамойнақ» табиғи қорығы құрылмақ
Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы «Сұлутөр — Ботамойнақ» шағын мемлекеттік табиғи қорығы құрылуы мүмкін, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарының аумақтарында жергілікті маңызы бар «Сұлутөр – Ботамойнақ» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін резервіленген жер учаскелерінің қоса беріліп отырған орналасу жоспары (сызбасы) мен экспликациясына сәйкес (1, 2 — қосымшалар) шекаралар шегінде жалпы алаңы 128 846 гектар жер учаскесі оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiлемей 12 ай мерзімге резервте қалдырылсын», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қаулы-жобасында.
Шағын қорықты құру үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Яғни, оны жасақтау облыстың бекітілген қаржы шегінде жүзеге асады.
Қаулы жобасы 7 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.