Нью-Йоркте төрт әйелді өлтірген күдікті 10 жылдан кейін пиццадағы ДНҚ арқылы

Нью-Йоркте төрт әйелді өлтірген күдікті 10 жылдан кейін пиццадағы ДНҚ арқылы табылды


Нью-Йоркте төрт әйелді өлтірген күдікті 10 жылдан кейін пиццадағы ДНҚ арқылы табылды Фото: pixabay.com

 АҚШ билігі ондаған жыл бұрын Нью-Йоркке жақын маңда болған жаппай кісі өлімінің құпиясы ашылуға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

2010-2011 жылдары Лонг Айленд аралының оңтүстік жағалауындағы Гилго Бич жағажайынан 11 адамның мәйіті табылған. Олардың көбі жас әйелдер еді.

Ұзақ жылдарға созылған тергеуден кейін жұма күні жергілікті прокуратура негізгі күдікті – Нью Йоркте тұратын Рекс Хойерманн есімді 59 жастағы архитектор ұсталғанын хабарлады.

Полиция ол жеген пиццадан ДНҚ алған.

Ол құрбандардың бірінен табылған үлгімен сәйкес келетіні белгілі болды. Содан кейін күдікті тұтқынға алынды.

Хойерманнға үш әйелдің өлімі бойынша бірден бірінші және екінші дәрежелі кісі өлтіру айыбы тағылды.

Олар – 2009 жылы өлтірілген Мелиса Бартелеми, 2010 жылы өлтірілген Меган Уотерман мен Эмбер Костелло.

Сонымен қатар, Хойерманн 2007 жылы жоғалып кеткен тағы бір әйел — Морин Брейнард Барнстың өлімінде негізгі күдікті саналады.

Бұл төрт әйел баспасөзде «Гилго төрттігі» деген атпен танымал.

Олардың сүйектері 2010 жылдың желтоқсанында кездейсоқ, сол жылдың мамырында жоғалып кеткен 23 жастағы Шэннен Гилбертті іздеу кезінде табылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *