Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға соттауды сұрады
Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға соттауды сұрады
Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, — деп хабарлады Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
12 маусымда Астанадағы №2 Байқоңыр аудандық сотында атышулы іс бойынша жарыссөз өтті.
Мемлекеттік айыптаушы Мұхамедиұлы ҚР ҚК бабымен кінәлі деген айыптау қорытындысын оқыды. Біріншісі — қылмысты ұйымдастыру, екіншісі — сеніп тапсырылған бөтен бүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу. Сайып келгенде осы баптармен кінәлі деп танып, 9 жылға жаза арқалауын және өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айыруды сұрады.
Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын антикор былтыр мамырда қамауға алған. Тергеу бір жылға созылды. Тергеу мәліметінше, біраз жыл мәдениет және спорт министрлігін басқарған Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарының мемлекетке келтірген шығыны шамамен 221 миллион теңгеден асады.