«Жалақысы 80 мың теңге»: көз жұмған орманшының әкесі өрт басталған күнгі оқиғаны баяндады

«Жалақысы 80 мың теңге»: көз жұмған орманшының әкесі өрт басталған күнгі оқиғаны баяндады

Пожар на заводе - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
 Абай облысындағы алапат өрттен «Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватында 14 маман қайтыс болып, тағы бір адам із-түссіз жоғалып кетті,ДЕП ХАБАРЛАДЫ Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан тілшісі марқұм болған орманшылардың бірі — Серікжан Тоқтасынның отбасымен хабарласып көрді. Серікжан Тоқтасынның әкесі Бақытбек Жұмаділовтың айтуынша, баласын басшылар өрттің ортасына ешбір бұйрықсыз жібере салған.
«Серікжан орманды қорғау жөніндегі инженер болып істеген. Оның міндеті — рация арқылы өрт сөндіруші маман мен көлікті тиісті жерлерге бағыттау. Бірақ басшының орынбасары әйел адам болғандықтан өрт болып жатқан жерге бара алмаймын деп, Серікжанды жіберген», — дейді Бақытбек Жұмаділов.
«Апыл-ғұпыл киіне салып, Нива көлігіне мінді де шығып кетті. Қалың өрттің ортасына жеке көлікпен барып, топырақ шашып өшіре ме? Өрт сөндіретін көлік болса бір сәрі. Ұлым сол күйі хабарсыз кетті. Сол оқиға орнынан барған күні-ақ Серікжан қайтыс болып кеткен. Біз оны әне келеді, міне келеді деп күтіп отырмыз. Сөйтіп отырғанымызда тек алдыңғы күні ғана хабар келді», — дейді марқұм өрт сөндірушінің әкесі.
27 жастағы жігіт жақында үйленемін деп жоспарлап жүріпті.
«Шаңырақ көтерейін десе «анандай еңбекақымен отбасын баға аламын ба» деп қалжыңдайтын. Серікжанның еңбекақысы 80 мың теңге еді. Мойнында миллиондаған несиесі болды. Міне, қазір баламның сүйегін көруге моргке кетіп барамын. «Жанып кеткені соншалық, тану мүмкін емес, тек киімінен ғана біле аласың» деп жатыр. Білмеймін қаншалықты рас, өтірігін. Балам ғой, танымауым мүмкін емес», — дейді Серікжанның әкесі Бақытбек Жұмаділов.
ДЕРККӨЗ.  Sputnik Қазақстан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *