Қазақстандық әйелдің адамсенгісіз оқиғасы: «Тырдай шешіндіріп, әр жерімді сипалап, бірнеше рет зорлауға дейін барды»

Қазақстандық әйелдің адамсенгісіз оқиғасы: «Тырдай шешіндіріп, әр жерімді сипалап, бірнеше рет зорлауға дейін барды»

Қазақстандық әйелдің адамсенгісіз оқиғасы: "Тырдай шешіндіріп, әр жерімді сипалап, бірнеше рет зорлауға дейін барды"

Фото: Pixabay.com

Жақында Алматы облысында жария болған жайт Желіні дүр сілкіндірді. Облысқа қарасты ауылда 57 жастағы ер адам екі қызын 11 жастарынан бері зорлап жүрген. Ол туралы қыздардың анасы бірде білмедім десе, енді бірде білгенін айтады. Қоғам белсенділерінің айтуынша, мұндай жағдайлар туралы құқық қорғау қорларына жиі хабар келеді екен. Өзге емес, жақын адамының зорлық жасауына не түрткі? Олар лайық жазаланып жүр ма? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Жақында танымал блогер Айдын Тоқсанбаеваға оқырманы бала күніндегі адамсенгісіз оқиғасын айтып берген. Бүгінде 40 жасқа толған әйел бала күнінде басынан өткен оқиғасын аноним түрде баяндап берген. Бұл оқиға нақты қай жасында болғаны есінде емес екен. Алайда азғындық жасаған адам басқа-басқа емес, туған әкесі болған.

«Туған әке» деуге аузым бармайтын үйдегі сол біреу маған тиісетін. Мектептен үйге келуге қорқатын едім. Сыртқы көзге таза, үлгілі семья болдық, қазір де солай. Олай болғанын қайтейін? Менің өмірім дұрыс болмаса. Барынша есіме түсірмеуге тырыссам да, күнде есіме түссе… Қаншалық көңіл-күйімді көтеруге тырыссам да, ішімнен жеп бара жатса…», — дейді аноним хат иесі.

Оның сөзінше, әкесі анасы ұйықтап жатқанда келіп тиіседі екен.

«Тырдай шешіндіріп, әр жерімді сипалап, ұстап, менің ұятты жерімді қаламмен шұқып, ары қарай бірнеше рет зорлауға дейін барды… Ұят болса да айтайын, сыртынан, ішіне зорламайтын. Мен соншалық қорқақ, сүмелек болғаныма жыным келеді. Бізді кішкентайымыздан қорқытып өсіргенге ештеңе дей алмадым ба, бала болып не болып жатқанын түсінбедім ба, білмеймін, бірақ жыладым… Жылағаныма да қарамайтын. Жазда сәкіге жатамыз деп әпкем, інілерім бірге жатып ұйықтағаным есімде. Түнде оянып кетсем мені көтеріп, теледидар тұрған бөлмеде тырдай шешіндіріп тастаған. Мен ұйқымды аша алмай, не болғанын түсінбей жатырмын», — дейді хат иесі.

Фото: Pixabay.com

Бұл сәттерде анасы ұйықтап жатқандықтан білмеген екен.

«Бір күні үйімізге туысқан әпкеміз келді. Қонақты желеулетіп ішімдік алды. Сосын түнде маған сыртқа жүр деп үйдің артына алып барып, өзі отырып, мені алдына тұрғызып қойып анау жерін шығарып, маған «ұста» дейді. Жоқ деп жыласам да менің қолымды ұстап алып, сонысын ұстатты», — дейді аноним әйел.

Аноним хат иесінің сөзінше, әкесі көп ішімдік ішпейтін, анасын да ұрмайтын, жұрттың бәріне жақсы көрінетін адам болған екен.

«Мектептен келсем, үйде ешкім жоқ болса тиісетін, көкіректерімді ұятты жерлерімді ұстап мыжатын. Содан үйге кіре алмай, далада жүретінмін. «Бүгін қандай іш киім киіп алдың?» деп көретін. Ол адам бейнесіндегі жануар әлі тірі, анаммен, ініммен бірге тұрады. Ел-жұртқа әлі жақсы адам сияқты жүр. Бірнеше жыл маған солай істеп жүрді», — делінген хатта.

Әйел адамның сөзінше, күндердің бір күнінде анасы бұл оқиға туралы білген. Бірақ біраз айғайлап, артынша түк болмағандай тыншыған. Ең сорақысы ер адам басқа қызына да 1-2 рет тиіскен. Алайда әпкесі бұл оқиғаны есіне алғысы келмейді екен.

Фото: Pixabay.com

Бұл біз көріп, аноним болса да білген хаттардың бірі ғана. Белгілі қоғам белсендісі, НеМолчиKZ қорының президенті Дина Смаилова мұндай азғындықты тек әкелер емес, туыстары, жақындары істеп жататынын айтады. Тіпті мұндай хаттар күн сайын келіп түсетін болған.

«Кеше бір қыздың әкесі хабарласып өзінің інісі 11 жасар қызы ауылда болған кезде зорлағанын айтып хабарласты. Енді олар оны жазалағысы келеді. Бірақ ол оқиғадан 6 жыл өтіп кетті. Оны қалай дәлелдеуге болатынын елестете алмаймын. Себебі біздің полиция мұндай қылмыстарды аша алмайды. Іс сотқа дейін жетпейді», — дейді қоғам белсендісі.

Дина Смаилова ер адамдар туған қызына неліктен азғындық жасайтыны туралы ойын айтты.

«Ата-анасының қарым-қатынасы абьюзге толы болса осындай жағдайлар болып жатады. Әкесі абьюзер, ішімдік, есірткі қолданса біртіндеп деградацияға ұшырап, сана-сезімінде өзгерістер болып, оған өткір сезімдер жетіспейді.

Бастапқыда әйелін ұрып, сосын балаларына қол көтергеніне қарамастан ер адамға сау емес адреналин керек болады. Агрессиясын тағы бір жерде танытқысы келеді. Ал кез келген агрессия артынша сексуалдық агрессияға ұласады. Немесе керісінше сексуалдық күш сексуалдық агрессияға өзгереді. Мемлекет әйелдер мен балалардың құқықтарын зорлық зомбылықтан заңнамалық қорғауды қамтамасыз ете алмайды», — дейді Дина Смаилова.

Фото: Pixabay.com

Қоғам белсендісінің сөзінше, агрессорды қамауға алу — өте маңызды шара.

«Егер ол қылмыс жасаса бәрі оның қамауға алынғанына сенімді болуы керек. Егер ол қамауға алынбаса, басқа адамдарға агрессия танытуын тоқтатпай, манипуляция жасай береді. Салдарынан зардап шеккен адам күдіктіні кешіруі мүмкін. Агрессор баланы зорламаса да тек азғындық жасауы мүмкін, өзін бала арқылы еліртуі мүмкін. Себебі бұл бір күнде пайда болатын нәрсе емес. Балаға азғындық жасайтын адам бұрын агрессор болған, порно көруді ұнататын, әйелін жиі зорлайтын адамдар болады. Олар әйел мен бала — қорлауға арналған зат деп біледі», — дейді маман.

Кейбіреулер баланы зорлар алдында ауыр сөздер айтып, манипуляция жасауы мүмкін.

«Мен сенің әкеңмін, сенің пәктігіңді мен ғана аламын» деп жеке меншігі сияқты ұстайды. Зорлықшыға бұрын ешкім кедергі келтірмесе, оның әрекеттері моральдық тұрғыда дұрыс емес екенін түсіндірмесе, оны ешкім тоқтатпаса осындай жайттар болады. Әйелі полицияға арыз жазғанның өзінде учаскелік полицейлердің аузын ақша беріп жаба салады. Учаскелік полицейлер 5000 теңге үшін де істі жаба салуға дайын. Кейбір полицейлер агрессорлардан қорқады. Себебі ол ауру адам екенін түсінеді. Бізге зорлыққа қатысты келіп түсетін хаттардың 80 пайызында қыздарды жақын адамы, танысы, туысы азғырған болып шығады», — дейді қоғам белсендісі.

Фото: Pixabay.com

Дина Смаилова балаға қатысты кез келген азғындық әрекетін зорлық деп тану керегін айтады. Оны зорлық жасайтын әкелер, педофилдер түсінуі керек.

«Яғни жыныс мүшесін көрсету, порно көрсету, қыздың жыныс мүшесін көрсетуді ұсыну, ұстауға мәжбүрлесе — бәрін зорлық деп тану керек. Бірақ бізде оны азғыру деп бөліп тастаған, сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 122-бабы (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша қаралып жатады. Сондықтан ең алдымен заңды өзгерту керек», — дейді маман.

Дна Смаилова шенеуніктер азғындық жасайтын адам қоғам үшін де қауіпті екенін ескермейтінін айтады.

«Яғни абьюзер әйелін ұрып, жұмысқа келіп әріптесін ұрып тастауы мүмкін. Әйелдерді шай құйып беруге мәжбүрлеуі мүмкін. Оның бәрі шенеуніктерден басталады. Себебі неліктен үкіметте көбіне ер адамдар отыр? Бұл біздің еліміздегі қалыпты жағдайға айналғандай», — дейді Дина Смаилова.

Оның сөзінше, қыздарға қатысты зорлық әрекеттеріне қатысты хабар көп түсетін болған. Биыл бес айдың өзінде 1112 бала құқығын бұзылуы бойынша хабар түскен. Оның ішінде буллинг те, зорлық та, қатыгездік таныту да бар.

«Қыздар да, ұлдар да зорлық көреді. Біз кеңес беріп, көмектесіп жүрген 19 кейс ұлдарға қатысты, 18 кейс қыздарға қатысты. Яғни бірдей дәрежеге жеткен. Бұл сұмдық қой. Сондықтан отбасы деген не екенін түсіндіріп, насихат жүргізу керек. Отбасы деген екі жастың жауапкерішілкті бірдей алуы. Біріншіден, отбасындағы жағдай, балалардың, ата-ананың қарым-қатынасы әке болатын адамға байланысты. Егер ер адам отбасының әр мүшесін қамқорлық танытып, махаббат не екенін түсіндіре білсе балаларға деген зорлық әрекеті азаяр еді», — дейді қоғам белсендісі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина

дереккөз Massaget.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *