Магистратураға түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қалай тапсырады

Магистратураға түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қалай тапсырады


Магистратураға түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қалай тапсырады

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсетін талапкерлерге кешенді тестілеудің форматын түсіндірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.

Ғылыми-педагогикалық магистратура

Оқу мерзімі — 2 жыл.

Тест тапсырмаларының саны – 130, жалпы балл – 150.

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағат 55 минут).

Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады:

— Шет тілі бойынша тест (тыңдалым + лексика-грамматика + оқылым) – 50 тапсырма. Шекті балл – кемінде 25;

— Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;

— Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 75.

Бейінді магистратура

Оқу мерзімі — 1-1,5 жыл.

Тест тапсырмаларының саны – 80, жалпы балл – 100.

Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағат 40 минут).

Кешенді тестілеу 2 бөлімнен тұрады:

— Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;

— Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 50.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда магистратураға түсуге құжат қабылдау басталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *