ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БРИФИНГ БЕРДІ

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бақыт Құрманбаевтың қатысуымен брифинг өтті.

Қорғаныс министрлігінің күшімен қала аумағы бойынша қоршау жұмыстары ұйымдастырылды (ҚР ҚК жекеқұрамының 800 адамы, 50-ден астамәскери техника қолданылды).

Оның ішінде 125 сапер қала көшелерінде, теміржол бойында және әскери бөлімге іргелес аумақта тазалауды жүзеге асыруда. Өзге әріптестері жеке құрамды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге және қала мен әскери қалашықтың аумағын қоршауға қатысуда.

Ауада ұшқышсыз үш аппарат ұшырылып, өрт ошақтарын бақылауда. Бүгінгі күні 3 от орны анықталды.  Десек те ірі жарылыс орын алмады. Дегенмен, тұрақты қауіпті жағдай сақталуда.

Қалада және іргелес аумақта радиациялық көрініс қалыпты жағдайда.

Жарылмаған снарядтардың тұрғын үйлерге түсуі мина жою жұмысын күрделендіре түсуде. Мұндай үй-жайларға саперлерді жіберу прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы билік органдары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылады.

Арыс қаласының 16 көшесінен жарылмаған 70-тен астам снаряд табылған.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *