Елордада есірткі курьері 14 келі гашишпен ұсталды
Елордада есірткі курьері 14 келі гашишпен ұсталды
Елордада есірткі курьері 14 келі гашишпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қарасора-2020» жедел-профилактикалық шарасы аясында полицейлері аса ірі көлемде есірткі өткізетін 43 жастағы тұрғынды қолға түсірді
Белгісіз адам есірткіні сақтап, сатумен айналасатыны туралы жедел хабар алғаннан кейін полицейлер есірткі курьерін ұстау операциясын жеке секторлардың бірінде өткізді.
Полицейлер жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, бұрын да аса ірі көлемдегі есірткіні сақтап, өткізгені үшін бірнеше рет сотталған 1977 жылғы елорда тұрғынының гаражынан 14 келіден асатын «гашиш» табылды.
Тәркіленген есірткі партиясының қара нарықтағы құны 9 млн теңгеден асады. Одан 28 мың доза шығаруға болады. Сонымен қатар, есірткі өткізушіден өлшеуге арналған таразы, 2 млн 243 мың теңге мен пневматика тапанша тәркіленді.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталмыш бап бойынша күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Полицейлер қазіргі уақытта есірткінің қайдан әкелінгенін анықтап жатыр. Қамалушы еш жерде жұмыс істемейді, әрі есірткіге тәуелді болған.
Айта кетерлігі, «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық шарасы кезінде қызметкерлер 50 келіден астам есірткі, сондай-ақ 18 келі «синтетика» тәркіледі. Есірткіге қатысты қылмыс үшін 450 адам ұсталып, оның 73-і қамалды. Біздің каналымызға жазылыңыз:
https://www.inform.kz/kz/elordada-esirtki-kur-eri-14-keli-gashishpen-ustaldy_a3694912