Ө.ШӨКЕЕВ: «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ӘРІ АШЫҚ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС»

Возможно, это изображение (10 человек, люди стоят и в помещении)

Түркістанда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы және оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау себептері мен жағдайларын жою жөніндегі ұсыныстар қаралды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының және Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Мәжілісте құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері баяндалды.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан, қала әкімдеріне және облыстық басқарма басшыларына жемқорлықпен күресу — жұмыстарының негізгі көрсеткіштерінің бірі екенін айтты. Осы орайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуын толық қамтамасыз етуді тапсырды.
«Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін нақты атап өтті.
Сондай-ақ, Кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылға ерекше көңіл бөліп, билік өкілдеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Жалпы, жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс, сонда ғана біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізетініміз анық»,-деді Өмірзақ Шөкеев.
Басқосуда сонымен бірге «Жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғаларды алдын алу» жұмыстарының барысы баяндалды. «Жеке адамдарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде ауыр, аса ауыр қылмыстардың профилактикасы туралы» айтылды. Қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысы жайлы соңғы мәліметтер ортаға салынды. Облыс әкімі жауапты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *