ТҮРКІСТАНДЫҚ АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН БАЛАЛАР САН-ФРАНЦИСКОДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСАДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев 2006-2008 жылдары АИТВ жұқтырған балалармен кездесті. Басқосу барысында есейген балалар өздерін таныстырып, қоғаммен бірге еркін өмір сүріп, барлық қолдаумен қамтамасыз етілгендерін жеткізді.

Балалармен кездескен облысы әкімінің орынбасары әрбір балаға ерекше қамқорлық көрсетілетін айтып, барлығына 2020 жылы Сан-Франциско қаласында болатын АИТВ-ға арналған халықаралық конференцияға жолдама берілетінін жеткізді.

Өз кезегінде ата-аналар тарапынан сөз алған Әлия  Масаурова өз ұлының бүгінде алғырлығымен, білімділігімен ерекшеленетінін айтты.

«Балаларымыз қоғамда еш кемсітусіз өмір сүріп, әкімдік тарапынан барлық қолдаумен қамтамасыз етілген. Өмірзақ Естайұлы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі кезінде «әрбір бала – менің балам» деп, барлық қолдауды көрсеткен болатын. Бұл бізге үлкен жігер, қамқорлық болды. Бүгінде ұл-қыздарымыз есейіп, түрлі салада өздерін жақсы тұстарынан көрсетіп келеді. Бүгінгі кездесуде балаларымыз халықарылық конференцияға баратыны белгілі болды. Шын жүректен алғыс білдіреміз», – деді Әлия Сағдатқызы.

Жиынға келген балалар спорт, білім саласында үлкен жетістікке жеткендерін қуанышпен жеткізді. Сондай-ақ, «Қазақстанның АИТВ жұқтырған балалардың аналар одағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен науқас балалар Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесіне зиярат жасады. Бүгінде қор АИТВ жұқтырған балаларға психологиялық, әлеуметтік көмектерді көрсетумен айналысады.

Айта кетерлігі, 2006-2008 жылдары Шымкент қаласында дәрігерлердің салғырттығынан 149 бала АИТВ вирусын жұқтырған болатын. Қазіргі таңда «Ана мен бала» орталығында осындай науқаспен 244 бала тіркелген. Бүгінде қажетті ем-домның арқасында 13 жылдан бері ешбір бала қайтыс болмаған. Барлығының мемлекеттік қызметтерді алуға тең құқығы бар: балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орны. Отбасы тарапынан ешбір бала тасталмаған. Барлығы Еуропалық стандартқа сай сапалы дәрілерді қабылдап келеді

         Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *