Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді
© AFP 2022 / JOHN MACDOUGALL
Мемлекет басшысы ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді
Ақордада мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиыны өтті. Онда Украинадағы жағдайларға байланысты Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қарастырылды деп хабарлады . Sputnik, кз
«Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-саяси және санкциялық текетірес салдарынан ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету қажет екенін айтты. Бұл үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспары қабылданады», — делінген Ақорда сайтында жарияланған ақпаратта.
Мемлекет басшысы ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Сондай-ақ, президент премьер-министр, Ұлттық банк төрағасы, сыртқы істер министрі, қорғаныс министрі және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдады.