ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЖАҢА АТШАБАР САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЖАҢА АТШАБАР САЛЫНАДЫ
Биыл Түркістан облысы, Кентау қаласында ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында «Кентау-Қарнақ» автожолы бойындағы 10 гектар аумақта жаңа атшабар іске қосылады. Аталған спорт орталығының құрылысы алдағы көктемде жүргізіледі. Бұл кешен қала аумағында ұлттық спорттың дамуына өз септігін тигізеді.
Жалпы алдағы уақытта Кентауда спорт нысандары едуір көбеймек. Шаһардағы «Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан заманауи дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенін салу жоспарланған. Қазір жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер тарапынан да ұсыныстар түсіп, кіші спорт нысандарын салу жоспарлануда. Қала әкімі Дәурен Махажановтың бастамасымен бұл бағытта жұмыстар жалғасын таппақ.
Бүгіне кентаулықтардың спортқа қызығушылықтары артып келеді. Кентау қаласында және қалаға қарасты ауылдарда 180 спорт ғимараты жұмыс істейді. Оның ішінде: 1500 және одан жоғары орынға арналған трибунасы бар стадион – 1, спорт кешені – 3, оқ ату тирі – 3, спорт зал –38, спорт алаңдары – 128, теннис корттары – 2 және 5 жүзу бассейні бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *