ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданында 31 ішкі көше орта  жөндеуден өтетін болады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 272 млн. 40 мың теңге бағытталып отыр. Сондай-ақ, биыл 16 ішкі көшені ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстары басталған. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 9,8 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 2 автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджеттен 137 млн. 104 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Бұған қоса, республикалық маңызы бар «Жібек жолы-Сарыағаш-Абай-Қызыләскер-Асықата-Жетісай-Гагарин» автомобиль жолының 90 шақырымы 2019 жылы орта жөндеуден өткізілетін болады.  Сонымен қатар, ұзындығы 11,7 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар «Ленинабад-Үтіртөбе» автомобиль жолын күрделі жөндеу жүргізілмек.

Ал, ұзындығы 35 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар «Мақталы-Асықата» автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жол жөндеу жұмыстары басталуда.

Айта кетейік, Жетісай ауданның көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды. Осы жолдардың 43,6 шақырымы республикалық, 210,4 шақырымы облыстық, 111,3 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады. Ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 863,244 шақырымды құрайды.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *