Қазақстанда әскери техника шығаратын бірнеше кәсіпорын ашылады

Қазақстанда әскери техника шығаратын бірнеше кәсіпорын ашылады

Airbus А400М ұшағының үлгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Қазақстанда Airbus сервис орталығы іске қосылып, Калашников автоматы шығарыла бастайды
 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әскери техника өндіретін бірнеше кәсіпорын ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл қорғаныс өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар бірқатар перспективалық жобаланы іске асыруды жоспарлап отыр. Олар:

«№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру;

«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС кәсіпорнында Airbus ұшақтарына қызмет көрсететін сервис орталығын құру;

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру;

«Тыныс» АҚ, «Алма МҮ» ЖШС, «Милитарм» ЖШС кәсіпорындарында радиациялық және химиялық қорғау құралдары өндірісін ашу;

«Семей инжиниринг» АҚ базасында бронетанктік техниканы жаңғырту;

«Steelmanufacturing» ЖШС автоматты оқ-дәрілер өндіру:

«Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС-де «Барыс 8х8» сауытты дөңгелекті машиналар өндірісін бастау;

«Тыныс»АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтары өндірісін іске қосу.

«Отандық қорғаныс өнеркәсібінің басты міндеттерінің бірі – кәсіпорындардың технологиялық инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін дамыту. Бұл еліміздің Қарулы күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қазіргі заманға сай қару-жарақ пен әскери техникамен қамтамасыз ету міндетін орындауға мүмкіндік береді», — дейді министрлік мамандары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *