ТҮРКІСТАННЫҢ ЕСКІ БӨЛІГІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРЫП, ШАҒЫНАУДАНДАР КӨРКЕЙЕ ТҮСТІ

ТҮРКІСТАННЫҢ ЕСКІ БӨЛІГІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРЫП, ШАҒЫНАУДАНДАР КӨРКЕЙЕ ТҮСТІ
Түркістан қаласының ескі бөлігіндегі 127 гектар жерді тіршілікке ыңғайлы етіп көркейту көзделген. Бүгінде ескі қала аумағы абаттандырылып, көшелер көріктендірілуде. Суару жүйесі жүргізіліп, гүлзарлар, демалыс орындары, балалар алаңқайлары салынуда. Көгалдандырылып, 200 мың дана сальвия, тагетс, шафран, астра, ирис гүлдері егіледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев атқарылып жатқан жұмыс барысын бақылап, жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.


Түркістандағы 1 және 2-мөлтек аудандарын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінген. 9 подстанция жаңартылды. Сонымен қатар заңсыз «полигон» қызметін атқарып келген алаңдарды тұрғындардың демалыс аймағына айналдыру қолға алынды.
«Төлеби» және «Шығармашылық» саябақтарында балалар ойын алаңшаларымен қатар бұқаралық спортпен шұғылдану орындары жасақталады. Гүлзарлар мен жасыл белдеуге, «Тұран» мөлтек ауданы аумағын ағын сумен қамту үшін гидрантты суландыру жүйесі жүргізілуде.

 
Түркістан қаласында тағы бір жаңа заманауи қонақүйдің құрылысы аяқталуға жақын. Мәдени-рухани орталықта бой көтерген «Medina palace» қонақүй кешенінің құрылысы алдағы көктемде аяқталып, пайдалануға берілмек.


Жалпы, Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында ғана емес, барлық бөлігінде инфрақұрылым жақсартылып, нысандар салынып, абаттандырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып жатыр. Шаһарды туризмнің орталығына айналдыруда бұл бастамалардың маңызы зор.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *