МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы Бірінші Мамыр ауылдық округіне барған іс-сапарында Алғабас елді мекеніндегі «Тілеухан» шаруа қожалығына ат басын бұрды. Қожалық иесі Т.Қоңқабаев мал бордақылау ісін қолға алып, 50 бас ірі қара малды ұстауда. Мал басының қоңдылығы 200-250 кг салмақты құрайды. Кәсіпкер жылына 6600 кг ет өткізіп, 1 адамды жұмыспен қамтыған.


Аудан басшысы кәсіпкерге қолдау білдіру мақсатында кездесіп, кәсібіне, шаруасына көңіл бөліп, атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.
— Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін оның қыр-сырын меңгеру керек. Жобаны тереңінен зерделеп, қаржыны мақсатты жұмсай білдік, нәтижесінде еңбегіміз зая кеткен жоқ. Ал, малды бордақылаудың өзіндік тәртібі де бар. Мәселен, ересек ірі қараны, негізінен жасы жетіп жарамсыз деп табылған сиырды бастапқы күйіне қарай 2-3 айға жемдеу керек. Ал, 12-14 айлық тайыншаларды ұстау 3-4 айға созылады. Бордақылау маусымында жас малдың салмағы 1,5 есе, еті мен майы 2 есе, етінің калориясы 3 есе артады,- деді кәсіпкер өз кәсібі жөнінде.


Аудан басшысы Төлеген Телғараев «Елімізде қазіргі күнге дейін мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Малды әр түрлі мақсатта пайдаланады. Солардың бірі – мал бордақылау. Төрт түлікті көбейтіп, табыс тауып отырған жандарға мемлекет тарапынан қолдаулар бар»,- деді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *